Г.Головкин Мехикода WBC Interim белбеуіне ресми түрде ие болды (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Г.Головкин Мехикода WBC Interim белбеуіне ресми түрде ие болды (ФОТО)

Г.Головкин Мехикода WBC Interim белбеуіне ресми түрде ие болды (ФОТО)

 Мексика астанасында қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге WBC (Interim) белбеуін тапсыру ресми салтанаты өтті,

  • 10 Желтоқсан 2014
  • 417
Фото - Caravan.kz


ол мұны Марко Антонио Рубиомен жекпе-жекте жеңіп алған еді. Бұл туралы ВКонтакте желісіндегі GGG қоғамдастығының парақшасында хабарланды.

Белбеуді тапсыру рәсімі баспасөз мәслихаты кезінде өткізілді, оған боксшы және оның командасының мүшелері — промоутер Том Леффлер, жаттықтырушы Абель Санчес, сондай-ақ WBC  президенті Маурисио Сулейман қатысты.

Баспасөз мәслихатынан кейін Геннадийдің жанкүйерлері спортшымен суретке түсіп, одан қолтаңба алу мүмкіндігіне ие болды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, WBA (Super) және  WBC (Interim)  нұсқасы бойынша әлем чемпионы Мексикада жүр, ол мексикандық телевидение хабарларының біріне қатысты, елдің туризм министрімен кездесті. Сондай-ақ боксшы жергілікті балалар клиникасында болмақ. 
Головкин

Головкин

Головкин

Головкин

Головкин   

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера