АҚШ-ғы элиталы қайырымдылық кештерінің бірі Celebrity Fight Night — Мұхаммед Әлидің құрметіне ұйымдастырылып келеді.
Оған АҚШ-тың түкпір-түкпіріндегі танымал әрі кәсіби спортшылар қатысып, кеш аясында бәссауда өтті. Сондай-ақ, батыстың шоу бизнесі өнер көрсетті.
20 жылдан бері тұрақты ұйымдастырылып келе жатқан Celebrity Fight Night қайырымдылық шарасы осы уақыт аралығында 100 млн. доллар жинап, Барроу неврологиялық институты жанындағы Мұхаммед Әли атындағы Паркинсон орталығына аударған.
