«Дәл қазір жағдай былай болып тұр. WBА, яғни Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы менің мәртебемді өзгертіп, «суперчемпион» атағын бергелі жатыр. Сол себепті жаңа ұсыныстар, жаңа қарсыластар болады. Бүгінгі таңда үміткерлер жоқ. Содан нақты келісімшарттар да байқалмайды. Маған ұшып барып, сол жерде келісу керек», — дейді Г.Головкин.
Айта кетейік, Г.Головкиннің келесі жекпе-жегі ақпанның 1-іне жоспарланған. Алайда бүгінде нақты қарсылас жоқ болып тұр.