Көптеген қазақстандықтар Геннадий мен оның командасының мұндай әрекетін жоғары бағалау үстінде. Тіске арналған қорғаныс қабының тысқы бетінде көк-сары түске боялған GGG жазуы бар. Боксерлік атрибуттың жиектеріне Қазақстанның мемлекеттік туы бедерленген.
Айта кетейік, бүгін АҚШ-тың Калифорния штатының Карсон қаласында WBA (Super) және ІВО нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, 32 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Марко Антонио Рубиомен кездесіп, қарсыласын 2-ші раундта нокаутқа жіберген болатын.
