"Ғалам аруы" атағын жеңіп алған үнді қызы қалай өмір сүреді? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ғалам аруы" атағын жеңіп алған үнді қызы қалай өмір сүреді?

"Ғалам аруы" атағын жеңіп алған үнді қызы қалай өмір сүреді?

2021 жылы "Ғалам аруы" сұлулық байқауының жеңімпазы үндістандық 21 жастағы Харнааз Сандху болды. Израильде өткен финалда ол әлемнің 79 елінен келген қарсыластарын басып озды.

  • 14 Желтоқсан 2021
  • 2086
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Ғалам аруы" атағының жаңа иегері 17 жасынан бастап сұлулық байқауларына қатысқан. 2017 жылы Харнааз Сандху "Чандигарх Аруы" атағын жеңсе, екі жылдан кейін "Фемина Аруы Индия Пенджаб" байқауында бірінші орын алиеленген. 2021 жылдың қыркүйегінде ол "Дива Аруы" байқауында жеңіске жеткен, онда "Ғалам аруы" байқауына жолдама ұтып алды. 

Сандху Үндістанның солтүстігіндегі Чандигарх қаласында туып-өскен. Басты шабыт сыйлайтын анасы гинеколог мамандығын игерген.

Бойжеткен тамақ әзірлегенді ұнатады, атқа мініп, йогамен айналысады, би билейді, шахмат ойнайды. Оның сүйікті сөзі: "Бір күні бүкіл өміріміз көз алдымыздан өтеді. Біз соны көруге тұрарлық етуге тырысуымыз керек."

Сондай-ақ, Харнааз Сандху киноға түседі. Ол жақында экранға шығатын екі Пенджаб фильмінде басты рөлді сомдаған. Ол Голливуд жұлдызы Приянка Чопраны үлгі етеді.

"Өзіңді басқалармен салыстыруды доғар, ал енді әлемде болып жатқан маңызды мәселе туралы сөйлесейік", — деп шақырады сұлулық ханшайымы.