«Ғалам» қазақстандық-француздық кәсіпорынға жаңа басшы тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ғалам» қазақстандық-француздық кәсіпорынға жаңа басшы тағайындалды

«Ғалам» қазақстандық-француздық кәсіпорынға жаңа басшы тағайындалды

«Ғалам» ЖШС бас директоры болып Баубек Оралмағамбетов сайланды, деп хабарлайды «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.

  • 8 Желтоқсан 2015
  • 443
Фото - Caravan.kz


Қазақстандық-француздық кәсіпорынның жаңа басшысы лауазымына тағайындау туралы шешім «Ғалам» ЖШС қатысушылары жиналысының хаттамасы негізінде қабылданып, Қадағалау кеңесінің мүшелері бекітті.
2015 жылғы 2 желтоқсаннан бастап Б.Оралмағамбетовті тағайындау туралы бұйрыққа «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің міндетін атқарушы, «Ғалам» ЖШС Қадағалау кеңесінің төрағасы Марат Нұрғожин қол қойды.
Баубек Оралмағамбетов Мәскеу авиациялық институтының түлегі. Хруничев атындағы ресейлік ғарыш орталығының конструкторлық бюросында, Мәскеу өкілдік қазақстандық-ресейлік «Бәйтерек» кәсіпорнында жұмыс істеді. ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінде жобаларды сүйемелдеу басқармасын басқарды. ҚР ҰҒА ғарыш инфрақұрылымын дамыту департаментінің директоры, директордың орынбасары болды.
«Ғалам» ЖШС 2009 жылы құрылған, оның мақсаты Астанада салынып жатқан ғарыш аппараттарының жинау-сынау кешенін құру және пайдалану жобасын іске асыру.

Соңғы жаңалықтар