«Ғаламат ғасыр» телехикаясының жұлдызы 16 жылға бас бостандығынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ғаламат ғасыр» телехикаясының жұлдызы 16 жылға бас бостандығынан айырылды

«Ғаламат ғасыр» телехикаясының жұлдызы 16 жылға бас бостандығынан айырылды

Түрік актері Аднан Коч 16 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

  • 5 Ақпан 2020
  • 80
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Lenta.ru сайтына сілтеме жасап Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

«Ғаламат ғасыр» телехикаясының жұлдызы бірқатар қылмыстарға кінәлі деп танылды. Олардың қатарына полицияға қарсылық көрсету, кепілдікке адам алу, қасақана денеге зиян келтіру және қаруды заңсыз сақтау жатады.

Актер мен тағы бес күдікті 2018 жылдың наурыз айында есірткіге қарсы операция кезінде қамауға алынды. Олардың полицияға қарсылық көрсетіп, оларды кепілдікке алып және алты тәртіп сақшысын жаралағандары белгілі болды.

Сонымен қатар, актер заңсыз заттарды қолданғаны туралы айғақтарды жоюға тырысты.


Аднан Коч «Ғаламат ғасыр» телехикаясында Бехрам паша рөлін ойнаумен танымал. 38 жастағы актер сонымен қатар «Шығыс-Батыс», «Тарих елі», «Сиджин 3», «Сиджин 4» және «Сиджин 6» сияқты телехикаялар мен фильмдерде бой көрсеткен.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар