Ғаламтор әлемі қазақ тіліндегі жаңа сайтпен толықты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғаламтор әлемі қазақ тіліндегі жаңа сайтпен толықты

Ғаламтор әлемі қазақ тіліндегі жаңа сайтпен толықты

Қазақ мәдени қоғамы «INSPIRE media» деп аталатын продюсерлік орталықпен толығып отыр.

  • 16 Қаңтар 2013
  • 535
Фото - Caravan.kz

Оның ғаламтордағы мекен-жайы: http://www.inspiremedia.kz. Орталықтың басқарушы директоры Ертай Нүсіпжановтың айтуынша, INSPIRE — қазақ тіліндегі шабыттандыру сөзінің баламасы, рухтандыру сөзінің аудармасы. Оның жұмысы шығармашылық жобалардың негізінде қазақты дүниежүзіне танытуға бағытталған. Сондықтан қазақ халқының сан ғасырдан бері қалыптасқан мәдениеті мен әдебиетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, өнерін насихаттауға теңізге тамған тамшыдай болсын үлес қосуды да өзінің үлкен міндеттерінің бірі деп есептейді. Оның ұсынатын қызмет түрлері: web жасақтау қызметі; полиграфиялық қызмет; мультимедиялық қызмет; шығармашылық қызмет; шеберлік сыныптары; таным-білім курстары қызметі; аударма жасау қызметі; саяхат қызметі.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, 2012 жылы Қазақстанда ғаламторды қолданушылардың саны 40 пайызға өсіп 9,4 миллионға жеткен. Оған ұялы байланыс қызметін көрсететін операторлардың ғаламторға кіру ақысын төмендетуі өз ықпалын тигізіп отыр. Қазір онда әлеуметтік желілерді пайдаланушыларың үлесі қарқынды түрде өсіп келе жатыр. Мәселен, www.socialbakers.com сайтының деректеріне қарағанда facebook желісі бойынша Қазақстан 2012 жылы 697 980 қолданушысымен әлемде 94 рейтингке көтерілген.