Бұл фотоны алғаш болып «АКТОБЕ ТАЙМС» жариялады. Ол Ақтөбе облыстық бұрынғы комсомол комитетінің бірінші хатшысы Үкетай Байжомартовтың жеке мұрағатында сақталған екен. Бұл сурет жастар мен студенттердің Финляндия астанасы – Хельсинкидегі форумына аттанар алдында түсірілген болуы мүмкін. Әрі ол жас Назарбаевтың шетелге алғаш сапары екен.
Фотода болашақ президент ортада отыр. Ал тура артында Үкетай Байжомартов пен «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің редакторы Әбсаттар Бөлдекбаев тұр. Бұл Назарбаевтың қарапайым металлург боп жұмыс істеп жүрген кезі еді деп жазады «АКТОБЕ ТАЙМС».