Жарияланды: 460

Ғаламторда танысқан қызға қоңырау шалған жігіт жарты млн теңгегеқарызға батты

Семейде аңғал азамат ғаламторда танысқан қызға қоңырау шаламын деп жарты миллион теңге қарызға батқан. Арудың суретін көріп, есін жоғалтқан жігіт оның 8-809 деп басталатын нөміріне телефон соғу тегін дегеніне сеніп қалғанын айтады. 

Александр 40-тан асқан жігіт ағасы. Жалғыздықтан жалыққан ол бақытын ғаламтордан іздепті. Желіні кезіп жүріп, Наталья деген қызға сырттай ғашық болған. Онысы Өскеменде екенін айтып, таныстықты телефон арқылы жалғастыруды ұсынып, 8 -809 деп басталатын нөмірін беріпті. Тіпті қалалық нөмірден оған қоңырау шалу су тегін деген. Бір жұмадай сөйлесіп жүріп, екеуінің арасы суып кетеді. Ал айдың соңында Александарға 550 мың теңгенің түбіртегі келген. Алаяқтардың арбауына түсіп қалғанын кеш болса да түсінген азамат прокуратураға арыз берді.

Александр Мезер, Семей қаласының тұрғыны:

- Мен үшін клубтар мен мейрамханаларға барып қыздармен танысу тиімсіз. Қалтам көтермейді. Ғаламтор арқылы жақсы қыз таптым деп қуанып едім. Амал нешік, алаяқтардың кесірінен енді тақырға отырдым!

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін