Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Амангелді Айталы 83 жасында өмірден өтті.
Амангелді Әбдірахманұлы Айталы – ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, философия ғылымының докторы, профессор. ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі. Қазақстан Білім беру ісінің Құрметті қызметкері. Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы. 100-ден астам ғылым мақаланың, 5 монография авторы. «Парасат» ордені мен ІІІ дәрежелі «Барыс» орденінің иегері.