Ғалым қандай мамандықтарға сұраныс артатынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалым қандай мамандықтарға сұраныс артатынын айтты

Ғалым қандай мамандықтарға сұраныс артатынын айтты

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің басшысы, ә.ғ.д., профессор Ләззат Нұрқатова жаңа технологиядарың ықпалымен алдағы уақытта кейбір мамандықтың нарықтан жоғалып кететінін айтты.

  • 18 Қаңтар 2018
  • 214
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлайды. 

«Қазіргі таңда жаңа тенденция байқалуда. Технологиялардың ықпалымен кей мамандық өз маңыздылығын төмендетіп қана қоймай, нарықтан жоғалып кетеді. Сондықтан мамандарды жұмысқа қабылдау барысында олардың еңбек өнімділігіне баса мән беріледі. Сондай-ақ, алдағы уақытта ауқымды деректерді өңдеп, бағдарлама жасайтын және IT әрі робототехника саласындағы мамандарға сұраныс артады. «Life long learning» концепциясының маңыздылығы арта түседі. Яғни болашақта мамандар өз білімдерін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс», — деп түйіндеді сөзін ғалым.

Айта кетейік, аталған брифинг Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.