Ғалымдар 15 жылғы зерттеуден кейін ұйқыға кеш жатудың адам үшін тағы бір зиянын анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар 15 жылғы зерттеуден кейін ұйқыға кеш жатудың адам үшін тағы бір зиянын анықтады

Ғалымдар 15 жылғы зерттеуден кейін ұйқыға кеш жатудың адам үшін тағы бір зиянын анықтады

АҚШ ғалымдары адамның ұйқысы мен денсаулығын тікелей байланыстырып бірнеше ғылыми тұжырым ұсынған.

  • 5 Қазан 2015
  • 605
Фото - Caravan.kz

Бұл жолы, ұйықтар мезгілдің артық салмаққа әсері туралы жаңа зерттеу жұмыстарын жария етті. Зерттеушілердің айтуынша, кеш жатататын адамдар ерте ұйқыға кететіндерге қарағанда артық салмақты тез жинайды, деп жазады meddaily.ru. 

Калифорния университетінің ғалымдары ұйқы режимін дұрыс сақтамайтын адамдар бес жылдың ішінде айтарлықтай семіретінін айтып отыр.

Berkeley сайтының жазуынша, кеш жатуға дағдыланған адамдар спортпен белсенді түрде шұғылданса да, ағзадағы зат алмасудың өзгерістеріне байланысты семіру дертінен құтыла алмайтын көрінеді.

«Біз жасаған қорытындылар, дәрігерлер мен ата-аналарға жас ұрпақтың ұйқыға жұмсайтын жалпы уақытын ғана емес, ұйықы мезгіліне де назар аударуы тиіс екенін көрсетті», — деп мәлімдеді зерттеу жұмысының жетекшісі Лорен Асарноу.


Демек, баланың 12 сағат «мезгілсіз» ұйықтағанынан гөрі ертерек жатып ертерек ұйқысын қандыруы бірінші кезектегі мәселеге айналып отыр, дейді мамандар.

Ғалымдар осындай қорытындыны 1994-2009 жылдар аралығында өткізілген жасөспірімдердің денсаулығын зерттеу ұлттық бағдарламасы аясында 3,3 мың жасөспірім мен ересекті зерттеген соң жасаған. Жұмыстың авторлары зерттеуге қатысқан адамдардың ұйқы режиміндегі өзгерістерімен бірге салмағының өзгеруін де бақылауға алған.

Соңғы жаңалықтар