Ғалымдар адам ойын оқитын жасанды ақыл жасап шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар адам ойын оқитын жасанды ақыл жасап шығарды

Ғалымдар адам ойын оқитын жасанды ақыл жасап шығарды

Жапониядағы Киотский университетінің ғалымдары адамның не туралы ойланып отырғанын анықтап, артынша оның ойына сәйкес картинаны көрсететін жасанды ақыл ойлап тапты.

  • 15 Қаңтар 2018
  • 181
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі mk.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әрине, әзірге бұл технологияны мінсіз деп айтуға келмейді. Әлі толықтыратын жерлері көп. 10 апта бойы зерттеушілер еріктілерге түрлі сурет көрсетті. Алдымен, ғалымдар еріктілер миының белгілі бір картиналарға деген реакциясын анықтап алды. Кейін аталған реакцияларды ғалымдар ойлап тапқан алгоритм бір-бірінен ажыратып, қажет кезде «танып» отырды.

Ақпарат еріктілер картиналарды қарап отырған кезде ғана емес, олар көрген суреттерін еске түсіргілері келген кезде де жиналып отырды. Жасанды ақыл қажет мөлшерде ақпаратты өңдегеннен кейін мамандар онымен тәжірибе жүргізді. Тәжірибе барысында еріктілер белгілі бір фигура, жануар және т.б. суреттерге қарады, ал жасанды ақыл өз кезегінде адамның не туралы ойлап тұрғанын анықтады.