Ғалымдар адамдардың өзінен аумайтын адамды кездестіріп қалу мүмкіндігін есептеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар адамдардың өзінен аумайтын адамды кездестіріп қалу мүмкіндігін есептеді

Ғалымдар адамдардың өзінен аумайтын адамды кездестіріп қалу мүмкіндігін есептеді

Австралиядағы Аделаида университетінің ғалымдары төрт мыңға жуық адамның өлшеу мәліметтерін талдап, түрлі адамдардың ұқсастық дәрежесін анықтауға болатын сегіз негізгі параметрді бөліп көрсетті.

  • 17 Ақпан 2019
  • 66
Фото - Caravan.kz

Ең алдымен, бұл көз, құлақ және екі қас арасындағы қашықтық, мұрын ұзындығы және ауыздың ені. Есептеу нәтижелері Жерде кем дегенде, барлық сегіз параметрі сәйкес келетін бір жұп өмір сүретінін көрсетті. Дегенмен, олардың кездесу мүмкіндігі өте аз, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ал, австралиялық ғалымдар бет-әлпеті ұқсас адамдарды анықтауға айтарлықтай қатаң түрде жақындады. Олар, егер құлақ арасындағы қашықтық тек бір сантиметрге болсын өзгеше болса, адамдар бір-біріне ұқсамайды деп санайды. Бірақ, адамның миы адамдарды басқаша қабылдайды.

Америкалық нейрохирургтердің зерттеуі бойынша, бет-әлпетті тануға және қабылдауға жауапты бірқатар ми бөлігі адам бейнесі денесімен бірге көрінгенде ғана іске қосылып, жұмыс істейді екен. Ғалымдардың пікірінше, бұл бет қымылды, көздің қарасын және адамның эмоционалдық күйін дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.

Біз адамды танудың жасанды жүйелеріне қарағанда, таныстарымызды тіпті, өзгертілген, бұрмаланған суреттерден де тани аламыз. Америкалық зерттеушілердің тәжірибесінде еріктілер атақты адамдардың бет-әлпетін суреттің созылғанына қарамастан, оларды тани алды. Олар ені түпнұсқа суреттің төрттен бір бөлігі ғана болған кескіннен танымал адамдарды ажырата алды.

Британдық зерттеушілердің айтуынша, адам орташа есеппен бес мыңдай бет-әлпетті есте сақтай алады. Жеке көрсеткіштер мыңнан он мыңға дейін ауытқиды. Және бұл қашықтықтан ұқсас адамды соған ұқсас адам ретінде қабылдау мүмкіндігін арттырады.


Адамды көз, ауыз, мұрын және қас арқылы таниды. Дегенмен, олардың қалыптасуы толығымен генге байланысты.

Лондондық ғалымдар бір жұмыртқалы егіздер мен егіздердің ұқсас және әртүрлі ерекшеліктерінің жиынтығын салыстырды. Сонда олар мұрын ұшының пішіні мен мөлшері, көздің ішкі бұрыштарының орналасуы, бет сүйек, ауыздың айналасы және бас көлемінің жүз пайыз генмен анықталатынын көрді.

Бұл мәліметтер қандай гендердің адам морфологиясына әсер ететінін анықтауға тырысып, бір-біріне ұқсас адамдар болатынына түсініктеме берген халықаралық ғалымдар тобының зерттеу нәтижесін дәлелдеді.

Соңғы жаңалықтар