Ғалымдар адамның неге тылсым құбылыстарға әуес болатынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар адамның неге тылсым құбылыстарға әуес болатынын айтты

Ғалымдар адамның неге тылсым құбылыстарға әуес болатынын айтты

Психологтардың зерттеуі бойынша, адамның елестерді көруі немесе тылсым құбылыстарға тап болуы мидың зақымдануынан туындайды.

  • 22 Желтоқсан 2017
  • 320
Фото - Caravan.kz

Ерекше, тылсым да құпия құбылыстар адамды неге тартып тұрады? Америкалықтардың кем дегенде 75 пайызы тылсым құбылыстарға сенетіні белгілі болды. Олардың арасында әрбір бесінші адам елесті өз көздерімен көргенін айтқан, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі BBC сайтына сілтеме жасап.

Осындай елес көріністерге сенетіндердің ішінде атақты адамдар да бар. Кезінде Уинстон Черчилль, Артур Конан Дойл, Алан Тьюринг елес көргендерін немесе олармен тіпті байланыста болғандарын жұртшылыққа жариялаған. Бұған мысал ретінде Ұлыбритания премьер-министрі болған Уинстон Черчилль Ақ үйге ресми сапарларының бірінде АҚШ президенті Авраам Линкольннің елесін көргенін сеніммен айтқан. Сол кезде Черчилль президентпен амандасып, оған жауап ретінде Авраам Линкольн жымиып, жоқ болып кеткендігі туралы шетелдік БАҚ-тарда жазылған болатын.

Психологтар адамның осындай тылсым бейнелерді көруі мидың зақымдалуына байланысты деген жорамал айтады. Олардың тұжырымдауынша, көптеген «елес» — жарықтың төмен деңгейі, ағзаның аса қатты шаршауы немесе есірткі заттарын қолданудан туатын визуалды иллюзияның нәтижесі.


Адам миы шын мәнінде жоқ белгілі бір өрнектерді, көріністерді іздеуге ұмтылады. Сондай-ақ, тылсым дүниелерге нанғыш адамдар суреттердегі жасырын бет-әлпеттер, денелер мен ерекше жарықтарды табуға және олардың растығына сенуге бейім келеді.

Соңғы жаңалықтар