Ғалымдар әйелдер неліктен ерлерге қарағанда ұзағырақ өмір сүретінін анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 507.07
  • 572.53
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар әйелдер неліктен ерлерге қарағанда ұзағырақ өмір сүретінін анықтады

Ғалымдар әйелдер неліктен ерлерге қарағанда ұзағырақ өмір сүретінін анықтады

Ғалымдардың әйелдердің ерлерге қарағанда ұзағырақ өмір сүретініне қатысты бірнеше тұжырымы бар.

  • 7 Қазан 2015
  • 448
Фото - Caravan.kz


Кейбіреулері бұны ерлердің денесіне түсетін қысымның көбірек болуымен түсіндіреді. Мәселен олар шахтада жұмыс істейді немесе егіс алқабында еңбектенеді.

Кейбіреулері мұны зиянды әрекеттермен байланыстырып отыр. Темекі шегу, көп мөлшерде алкоголь ішімдігін және зиянды тағамды пайдалану денсаулықты нашарлатады.

Ғалымдардың тағы бір тобы бұған  биология мен эволюция кінәлі деп отыр. Мәселен ДНК-дағы хромосомалар жұптасып келеді. Әйелдерде барлығы X-хромосомалары, ал ерлерде Х және бір Y хромосомасы бар екені белгілі. Бұл ерекшелік жасушалардың қартаюына әсер етеді. Әйелдерде екі X-хромосомасы болғандықтан, оларда әр геннің көшірмесі болады. Яғни біреуі істен шықса, оны алмастыра алатын екіншісі болады, деп жазады planet-today.ru.