Ғалымдар әйелдерді коронавирустан қандай дәрумендер қорғай алатынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар әйелдерді коронавирустан қандай дәрумендер қорғай алатынын айтты

Ғалымдар әйелдерді коронавирустан қандай дәрумендер қорғай алатынын айтты

Ғалымдар әйелдерді коронавирустан қорғауға қабілетті дәрумендер мен қоспаларды атады.

  • 2 Қараша 2021
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Пятый канал" телеарнасының айтуынша, Ұлыбритания, АҚШ, Швецияның ғалымдары Лондондағы Корольдің колледжінде арнайы зерттеу жүргізген. Зерттеу нәтижесі кейбір тағамдық қоспалар мен дәрумендер нәзік жандыларды коронавирустан қорғайтынын көрсеткен. Ал ер адамдарға олар онша әсер етпейді екен.

Кейбір дәрумендер мен диеталық қоспаларды жиі қабылдаудың ағзаға пайдасы мол. Әсіресе, әйелдер омега-3 май қышқылдары, D дәрумені, мультивитаминдер және пребиотиктер ішкен кезде, ағза инфекцияға төтеп береді, деседі.


Зерттеушілер бұл тек алдын ала қорытынды екенін ескертеді. Толық зерттеу үшін әлі уақыт керек. Аталған дәрумендер мен қоспалар коронавирустан толық қорғайды деп ешкім айта алмайды.