Caravan Logo

Ғалымдар баланың басқа мектепке ауысуы оқу үлгеріміне қалай әсер ететінін айтты

Ғалымдар баланың басқа мектепке ауысуы оқу үлгеріміне қалай әсер ететінін айтты


Психологтардың айтуынша, мектепті жиі ауыстырғанда балалардың математикалық ғылымдарға бейімділігі төмендейді. Ол балалардың мектептегі іс-әрекетіне де әсер етеді. Атап өтейік, зерттеуге 381 адам қатысты. Еріктілердің барлығы бастауыш сынып оқушылары болды. Зерттеуге қатысқан қыздардың жартысы табысы төмен жанұялардан болған.  

Барлық оқушылар төртінші сыныпқа арналған математика бойынша тестілеуден өтті. Мектепті жиі ауыстырған еріктілердің көрсеткіші өзге қатысушылардікіне қарағанда шамамен 10 ұпайға кем болған. Сарапшылардың пікірінше, мектепті көп ауыстыру баланың интеллектуалдық қабілетін кем дегенде екі есеге төмендетуі мүмкін, деп жазады шетелдік БАҚ.