Ғалымдар білімді адамдар ұзақ өмір сүреді деген тұжырымға келді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар білімді адамдар ұзақ өмір сүреді деген тұжырымға келді

Ғалымдар білімді адамдар ұзақ өмір сүреді деген тұжырымға келді

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды Baq.kz -rа сілтеме жасап.

Зерттеу туралы толығырақ EurekAlert сайтында хабарланды. 

Йель университеті мен Бирмингемдегі Алабама университетінің мамандары нәсілі, табысы мен білімінің өмір сүру ұзақтығына қалай ә

  • 24 Ақпан 2020
  • 13
Фото - Caravan.kz

Зерттеу туралы толығырақ EurekAlert сайтында хабарланды. 

Йель университеті мен Бирмингемдегі Алабама университетінің мамандары нәсілі, табысы мен білімінің өмір сүру ұзақтығына қалай әсер ететінін білуге тырысты. 

30 жылдық зерттеу жұмысы барысында Американың төрт қаласының тұрғындары қамтылды.

Талдау көрсеткендей, осы уақыт аралығында жас афро-америкалық адамдар кісі өлімінен, яғни қылмыстан, ал ақ нәсіл өкілдері СПИД-тен көз жұмған екен.

Адам қартайған сайын екі топта да өлімнің негізгі себебі — жүрек-қантамыр және онкологиялық аурулар болғаны белгілі болды.

Ғалымдардың пікірінше, табыс адамның өмір сүруінде шешуші рөл атқармайды. Алайда, зерттеушілер анықтағандай, дипломның болуы өмір сүру ұзақтығына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.


Зерттеу барысында жоғары білімі жоқ адамдардың арасында өлім-жітім 13%, ал колледжді бітірушілер арасында — 5% болды. 

Ғалымдар олардың нәтижелерін білім беру саясатына жауапты адамдар ескереді деп үміттенеді.

Бұған дейін, американдық ғалымдар тобы адамның ғылыми дәрежесі неғұрлым жоғары болса, оның өмірі соғұрлым ұзақ болатындығын анықтаған еді.

Соңғы жаңалықтар