Ғалымдар: Эбола вирусы ер адамдар ағзасында тоғыз айға дейін сақталуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 511.59
  • 575.28
+10 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар: Эбола вирусы ер адамдар ағзасында тоғыз айға дейін сақталуы мүмкін

Ғалымдар: Эбола вирусы ер адамдар ағзасында тоғыз айға дейін сақталуы мүмкін

Эбола вирусы ерлердің шәуетінде жұққан сәттен бастап тоғыз айдай сақталады, делінген  New England Journal of Medicine ғылыми журналында жарияланған зерттеуде.

  • 15 Қазан 2015
  • 422
Фото - Caravan.kz

Зерттеу авторлары Сьерра-Леоненің дерттен айыққан жүздеген ер адамынан шәует сынамасын алған.

Дертті жұқтырғанынан жеті-тоғыз ай өткеніне қарамастан, зерттеуге қатысушылардың төрттен бірінен Эбола вирусы табылды. Ғалымдар бұл адамдар індетті тарата алатынын, болмаса таратуға қабілетсіз екенін анықтай алмады, деп жазады Би-би-си.

"Зерттеу емделгендерді 6 айдан 12 айға дейінгі уақытта да бақылап отыру керектігін көрсетті", — деді ДДСҰ Эболамен күрес бойынша өкілі Брюс Эйлвард.