Caravan Logo

Ғалымдар: Эбола вирусы ер адамдар ағзасында тоғыз айға дейін сақталуы мүмкін

Ғалымдар: Эбола вирусы ер адамдар ағзасында тоғыз айға дейін сақталуы мүмкін

Зерттеу авторлары Сьерра-Леоненің дерттен айыққан жүздеген ер адамынан шәует сынамасын алған.

Дертті жұқтырғанынан жеті-тоғыз ай өткеніне қарамастан, зерттеуге қатысушылардың төрттен бірінен Эбола вирусы табылды. Ғалымдар бұл адамдар індетті тарата алатынын, болмаса таратуға қабілетсіз екенін анықтай алмады, деп жазады Би-би-си.

"Зерттеу емделгендерді 6 айдан 12 айға дейінгі уақытта да бақылап отыру керектігін көрсетті", - деді ДДСҰ Эболамен күрес бойынша өкілі Брюс Эйлвард.