Ғалымдар күніне бес кеседен кем емес шай ішу ағзаны инсульттан қорғап, сусамыр ауруына шалдығу қаупін азайтатыны туралы қорытынды жасады. Бұл ретте мамандар денсаулықты сақтауға шайдың жасыл және қара сұрыптары көмектесетінін атап өтуде, оларға ұқсас жемісті қоспалары бар шайлар мен фитосусындар ағзаға еш әсер етпейді.
Голландия дәрігерлері бірінші кезекте мектептер мен жұмыс орындарында шырын, сүт және минералды судың орнына шайдың осы түрлерін ұсынуды кеңес етті.