Жарияланды: 120

Ғалымдар коронавирус бала үшін неліктен қауіпті емес екенін анықтады

Ғалымдар коронавирус бала үшін неліктен қауіпті емес екенін анықтады

Оксфорд университетінің ғалымдары коронавирус балаларда неліктен жеңіл өтетінін анықтады.

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Ғалымдардың пайымдауынша, балалар әдетте тұмаумен жиі ауырады, сондықтан олардың иммундық жүйесі коронавируспен байланысқа тез үйренеді. Сондықтан балалар ересектерге қарағанда жаңа вирусты оңайырақ өткереді.

Сондай-ақ ғалымдар балалардың ағзасы коронавирустан неліктен жақсы қорғанғанын анықтаған. 

Олардың ағзасы суық тиюдің алуан түрімен күресуге үйренген. Ересек адамдар жылына 2-4 рет суық тиіп аурады, ал балалар бір жылда 12 рет ауруы мүмкін. Осыған байланысты балалардың ағзасы COVID-19 қарсыласуы жоғарылайды,- деп жазды басылым.

Ғалымдардың ойынша, көптеген бала мен жас жеткіншектің ағзасында бұған дейін коронавируспен кездескен Т-жасушалары болуы мүмкін. Олар сырттан келетін патогенге қосымша қорғаныс береді. Алайда 30-35 жасқа келген кезде түрлі вирусқа қарсы күресетін мұндай жасушалардың саны азаяды екен. Сондықтан балалар ересектерге қарағанда анағұрлым жақсы қорғанған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін