Ғалымдар коронавирус бала үшін неліктен қауіпті емес екенін анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар коронавирус бала үшін неліктен қауіпті емес екенін анықтады

Ғалымдар коронавирус бала үшін неліктен қауіпті емес екенін анықтады

Оксфорд университетінің ғалымдары коронавирус балаларда неліктен жеңіл өтетінін анықтады.

  • 21 Маусым 2020
  • 108
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Ғалымдардың пайымдауынша, балалар әдетте тұмаумен жиі ауырады, сондықтан олардың иммундық жүйесі коронавируспен байланысқа тез үйренеді. Сондықтан балалар ересектерге қарағанда жаңа вирусты оңайырақ өткереді.

Сондай-ақ ғалымдар балалардың ағзасы коронавирустан неліктен жақсы қорғанғанын анықтаған. 

Олардың ағзасы суық тиюдің алуан түрімен күресуге үйренген. Ересек адамдар жылына 2-4 рет суық тиіп аурады, ал балалар бір жылда 12 рет ауруы мүмкін. Осыған байланысты балалардың ағзасы COVID-19 қарсыласуы жоғарылайды,— деп жазды басылым.


Ғалымдардың ойынша, көптеген бала мен жас жеткіншектің ағзасында бұған дейін коронавируспен кездескен Т-жасушалары болуы мүмкін. Олар сырттан келетін патогенге қосымша қорғаныс береді. Алайда 30-35 жасқа келген кезде түрлі вирусқа қарсы күресетін мұндай жасушалардың саны азаяды екен. Сондықтан балалар ересектерге қарағанда анағұрлым жақсы қорғанған.

Соңғы жаңалықтар