Ғалымдар коронавирус пандемиясы тағы қанша уақытқа жалғасатынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар коронавирус пандемиясы тағы қанша уақытқа жалғасатынын айтты

Ғалымдар коронавирус пандемиясы тағы қанша уақытқа жалғасатынын айтты

Профессордың пікірінше, әлемде аурулар таралуын болдырмау үшін "Бір денсаулық" қағидасын сақтау қажет

  • 26 Шiлде 2020
  • 32
Фото - Caravan.kz

 Оңтүстік Кореяда Билл Гейтс қорының демеуімен вирусты бастапқы кезеңде анықтап, жоя алатын жүйені дамыту қолға алынды, деп хабарлайды Caravan.kz порталы "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.

Онлайн режимде өткен конференцияға Корея, АҚШ, Ұлыбритания және Германия ғалымдары қатысты. Корея университетінің профессоры Ким Ву Джу жұқпалы ауруларды ертерек анықтауға мүмкіндік беретін жүйені жасау үшін жұмыс істеп жатқанын айтты. Ол пандемия тағы 2 жыл жалғасады деп болжайды.

"Себебі, адамдар коронавирусты алдын алудың негізгі ережелерін сақтамайды.Ал егер "Бір денсаулық" қағидасы сақталса, вирусты болмайды", – дейді Ким Ву Джу.


Сонымен қатар, профессор адамдардың джунгли мен орманды жойып, жабайы жануарларды жеп, жаңа ауруларды тудырғанын атап өтті.

"SARS вирусы Қытайдың оңтүстігінде жабайы мысықтарды тұтынған кезде пайда болды. Батыс Африкада жарқанат ұсталған кезде Эбола вирусы анықталды. Қазіргі коронавирус Уханьдағы жабайы табиғат базарындағы жарқанаттан басталды. Адамзат жабайы жануарларды пайдалану арқылы "Пандора жәшігін" ашты", – дейді Джу.

Оның пікірінше, аурулар таралуын болдырмау үшін "Бір денсаулық" қағидасын сақтау қажет. Яғни, адамзат, табиғат пен жануарлар бірге үйлесімді өмір сүру керек деген сөз.

 

Соңғы жаңалықтар