Ғалымдар коронавирус туралы қандай болжам айтып отыр? - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар коронавирус туралы қандай болжам айтып отыр?

Ғалымдар коронавирус туралы қандай болжам айтып отыр?

Таяудағы болжамдардың бірінде коронавирус пандемиясы 2021 жылға дейін созылады делінген. Ал тағы бір болжамда ғалымдар бір АҚШ-тың өзінен 1,7 миллион адам қайтыс болады деп болжаған. Осы секілді ғалымдардың пандемия туралы түрлі болжамы бар. 

  • 17 Наурыз 2020
  • 75
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Коронавирус эпидемиясы 2021 жылға дейін жалғасады"

Коронавирус эпидемиясы Ұлыбританияда келесі жылдың көктеміне дейін жалғасуы мүмкін. Бұл туралы The Guardian басылымы Ұлыбритания ұлттық денсаулық сақтау қызметінің (NHS) шенеуніктеріне арналған құпия есепке сілтеме жасап хабарлаған.

"Денсаулық сақтау басшылары вирустың әлі 12 ай бойы тарайтынын күтіп отыр. Бұл олардың мұны мойындаған алғашқы құжаты. Ол онсыз да жұмысы көп NHS-ке қосымша жүк болады", — делінген мақалада.

Құжатта көрсетілген мәлімет бойынша, денсаулық сақтау қызметінің басшылары осы уақыт ішінде ұлыбританиялықтардың 80 пайызы коронавирус жұқтырады-мыс.

Үкіметтің бас медициналық кеңесшісі Крис Уитти мұның ең жаман сценарий екенін айтқан. Оның болжамы бойынша, вирус жұқтырғандарның нақты саны бұдан әлдеқайда аз болады.

"АҚШ-та коронавирусдан 1,7 миллион адам қайтыс болуы мүмкін"

New York Times мәліметі бойынша, АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының қызметкерлері мен эпидемиялық аурулар мамандары ақпанда конференция өткізген. Олар вирус таралуының бірнеше нұсқасын, жылдамдығын зерттеген.

Олардың болжамы бойынша, бірнеше айдан бір жылға дейінгі уақытта вирус жұқтырғандар саны 160-тан 214 миллионға дейін жетуі мүмкін. 2,4-тен бастап 21 миллион адамға дейін ауруханаға жатып қалуы ықтимал.


© REUTERS 

Бұл елдің ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне қатты зақым келтіреді. Себебі АҚШ-та ауруханада 925 мың адамды қабылдауға дайын орын бар екен.

Мамандардың зерттеуінен кейін, бұл пандемия АҚШ-та 1,7 миллион адамның өмірін қиюы мүмкін екені жазылған.

"Пандемия жарты жылдан соң аяқталады"

Бұған дейін COVID-19 пандемиясының таралуын болжаған инфекциялық аурулар маманы Майкл Остерхольмнің пікірінше, пандемия жарты жылға ғана жалғасады. Бұл туралы маман америкалық тележүргізуші Джо Роганға берген сұхбатында айтқан.

Майкл Остерхольмнің айтуынша, пандемия жер тұрғындарына әлі зардабын тигізеді. Оның болжамынша, адамзат әлі жарты жылға уақыт коронавируспен күреседі.

"Егер COVID-19-ты өлім-тітім саны бойынша тұмаудың ең жаман маусымымен салыстырсақ, коронавирустың салдары 10-15 есеге ауыр болады", — деген Остерхольм.

Маман маска мен қолғаптардың пандемиямен күресте әлсіз екенін айтады. Себебі оның сөзінше, вирус жұқтырудың басты себебі — адамдардың бәрі ортақы ауаны жұтуы.

"Вирус залалы 2020 жазда төмендейді"

Reuters хабарлауынша, Қытайда пневмонияның тарауымен күрес комиссиясының басшысы Чжун Наньшань да коронавирустың қашан аяқталатыны туралы болжамын айтты. Оның сөзінше, пандемия залалы 2020 жылы жазда төмендейді.

Маманның айтуынша, қазіргі уақытта эпидемия өзінің шыңында тұр, бірақ жазға қарай оның әсері әлсірейді.

"Әлем елдеріндегі эпидемия маусымға дейін ғана жалғасады", — деген Чжун Наньшань.

Коронавирустан кем дегенде 15 миллион адам өледі

Daily Mail мәліметі бойынша, Аустралия ұлттық университетінің зерттеуі бойынша коронавирустан 15 миллион адам қайтыс болуы мүмкін. Мұндай тұжырымды зерттеушілер — Уорик МакКиббон мен Рошен Фернандо жасаған.

Олардың мақаласындағы болжамға сүйенсек, шектелген вирустың өзі аз уақыт ішінде әлемдік экономикаға әсер етуі мүмкін. Олардың есебі бойынша, әлемдік экономика жыл соңына дейін коронавирус әсерінен 2,3 триллион доллар жоғалтады екен.


Фото ©REUTERS 

Зерттеушілердің мақаласында өлім-жітім саны да есептелген. Ең жақсы сценарий бойынша, коронавирустың алғашқы жылында адамзат 15 миллион адамнан айырылады. Ең көп зардап Үндістан мен Қытайға келеді, оларда миллиондаған адам қайтыс болатыны жазылған.

Ал жаман сценарий бойынша бүкіл әлемде 68 миллион адам өледі деген болжам айтылған.

"Қазақстанда дағдарыс басталуы мүмкін"

Коронавирустың таралуы әр елдің экономикасына әсер етіп жатыр. Мұнай бағасы төмендеп, валюта бағамдары өзгерген. Бұл Қазақстан экономикасына да өз ықпалын тигізді. Қазір Қазақстанда бір доллар 440 теңгеден сатылып жатыр. Осыған байланысты Қазақстанда экономикалық дағдарыс басталуы мүмкін.


Иллюстрациялық фото: unsplash.com 

Қазақстандық экономист Арман Бейсембаевтың Tengrinews.kz порталына айтқан болжамы бойынша, Қазақстанда биыл жазда дағдарыс басталады. Ал желтоқсанда экономикалық даму қарқыны төмендейді. Экономистің болжамы бойынша, дағдарыс 10 жылға дейін созылуы мүмкін, бірақ ерекше фазаның арқасында мемлекет одан 18 айда шығады.

Бейсембаевтың сөзінше, елді импорттан жапса, дүкендер сөресінен азық-түлік пен тауарлар азаюы мүмкін. Ал бұл 90-жылдардағы дағдарысқа алып келеді.

Соңғы жаңалықтар