Ғалымдар: өтірік айтпау жүйкесі сыр берген жандардың дерттерінен айығуына әсер етеді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар: өтірік айтпау жүйкесі сыр берген жандардың дерттерінен айығуына әсер етеді

Ғалымдар: өтірік айтпау жүйкесі сыр берген жандардың дерттерінен айығуына әсер етеді

Француз ғалымдары ерекше фактіні байқады: егер адам 10 күннің ішінде тек шын сөйлесе, оның психологиялық қанағаттану деңгейі күрт көтеріледі.

  • 3 Қазан 2014
  • 661
Фото - Caravan.kz

 Сонымен бірге, адам денсаулығының жалпы күшеюі байқалады. Мұны мамандар күйзеліске ұшыраған, өздерін жайсыз сезінетін сырқаттарға тәжірибе жасау арқылы анықтады.

Еріктілер екі топқа бөлінген. Бірінші топтың қатысушылары тек шындықты айтты. Екіншілеріне өзгені алдауға рұқсат берілді. Олардың барлығы өтірік детекторынан өтті. Тест сұрақтарына жауап берді. Ондағы мақсат — денсаулықтарының мықтылығын анықтау.

Тәжірибе өткізілгеннен он күннен соңғы нәтиже мынаны көрсетті: тек шындықты айтуы керек болған топта олардың психологиялық және физикалық жағдайлары айтарлықтай жақсарған. Жекелей алғанда, артериялық қысымның тұрақтанғаны байқалған. Ал өтірік айтып, өзгені алдауға тырысқандарда оңды өзгеріс байқалмаған.