Жарияланды: 320

Ғалымдар құпиясын бүгіп жатқан көл мұзын жара алмады

Британ ғалымдары Антарктидаға саяхат жасап, сондағы миллион жылдан бері құпиясы ашылмаған көлді бұрғылап көрді.

Бірақ нәтиже шыққан жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ. Бұл жобаның құны 13 млн. долларды құрады. Әйтсе де, 300 метр қалыңдықты құрайтын мұзды қандай әдіске салса да, оя алмады. Тіпті, ыстық су құйып, сорғышпен мұздың ішіне үрлегенмен, көлдің түбіне жете алған жоқ. Ғалымдар мұнда 22 қарашада барған. Ал, бұрғылауды 13 желтоқсаннан бастапты. Әйтсе де, су жылытатын құрылғылары істен шығып, жаңа құрылғы жабдықтары келгенше жұмыс тоқтап қалған. Британ ғалымдарының қолынан келмеген дүниені орыстар жыл басында-ақ қолға алған еді. Жылдың басында, яғни ақпан айында орыс ғалымдары Шығыс Антарктидадағы екі көлді бұрғылап, нәтижелі жұмыс атқарды. Әйтсе де, қалың мұз астында жатқан теңіз тамшысын алғанмен, одан ешқандай тіршіліктің нышандары байқалмаған. Ендігі ретте, 2013-1014 жылдары толыққанды кірісуді қолға алып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін