Ғалымдар радиоактивті және улы қалдықтарды сақтауға арналған Қошқар- Ата қоймасының радиоактивті суларының Каспийді ластау қаупі туралы дабыл қағуда - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар радиоактивті және улы қалдықтарды сақтауға арналған Қошқар- Ата қоймасының радиоактивті суларының Каспийді ластау қаупі туралы дабыл қағуда

Ғалымдар радиоактивті және улы қалдықтарды сақтауға арналған Қошқар- Ата қоймасының радиоактивті суларының Каспийді ластау қаупі туралы дабыл қағуда

Маңғыстау облысындағы Қошқар-Ата қоймасындағы радиоактивті және улы қалдықтарды тәуелсіз тексеру аяқталды. Мониторинг қорытындысы туралы зерттеушілер облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасында өткен тыңдауда ортаға салды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Ақтаудан.

  • 6 Қаңтар 2004
  • 2798
Фото - Caravan.kz

Мамандардың мәліметіне жүгінсек, қазіргі таңда қойманың сулы бөлігі 42,5 мың шаршы шақырымды құрайды. Қойма сондай-ақ, радиоактивті өзеннің тартылуы салдарынан пайда болған 34,5 шаршы шақырымдық құрғақ алқапты да алып жатыр.

Көл түбіндегі шөгінділер құрамынан мыс, мырыш, никель тәрізді ауыр металлдармен бірге цирконий, гафний, ниобий тәрізді сирек элементтер де табылды. Мұндай шөгінділер улы шаң-тозаң түзетін қайнар көз болмақ. Мамандардың айтуынша, осындай шаң-тозаңды үп еткен әлсіз желдің өзі ұшырып әкетеді. Зерттеулер кезінде бұдан басқа да сирек кездесетін элементтер көп мөлшерде табылды. Қошқар-Атаға таяу маңдағы топырақ қабатынан жоғары концентрациялы радионуклидтер мен аса улы металлдар тобына жататын қорғасын мен радий шықты.
Ғалымдар қойма маңындағы елді мекендерді де зерттеді. Ауа мен топырақтан алынған сынамалар зерттеуі Қошқар-Атаның әсері (жылына 0,15-0,20 рентген) орташа әлемдік деңгейден төмен екендігін көрсетті. Зерттеушілердің тұжырымы бойынша шаң-тозаңның радиоактивтілік қаупі жоқ.
Алайда, Қошқар-Атаның саға тұсындағы радиоактивті қалдықтар қоймасы нақты қауіп төндіруде. Бұл қоймадағы радиациялық активтілік сағатына 5000 микрорентгенді құрайды. Сондай-ақ, бұл жерде жергілікті тұрғындар ұрлап жинаған металл қалдықтардың қоймасы табылды. 4 шақырымды бойлай жер астындағы судардың ластанғандығы анықталды. Көл жер қойнауынан арнайы оқшауланбаған. Ғалымдар осыған байланысты көл суының Каспийге өтіп кету қаупі туралы дабыл қағуда. Сарапшылар сондай-ақ, 5-6 жылдан кейін көл суы мүлдем тартылып, оның түбінде жалпы салмағы 31 мың килограммды құрайтын тұз қабатының түзілу мүмкіндігі жайында жорамал айтуда.
Қошқар-Ата — уран өңдеуші кәсіпорындардың 400 млн. тоннадан астам улы және радиоактивті қалдықтары, соның ішінде уран өндірісінің 105 млн. тонна қалдығы сақталған, су ағып шығатын арнасы жоқ ойпат болып табылады.
Зерттеу жұмыстарын ядролық физика институтының 12 маманы өткізді. Облыстық табиғат қорғау басқармасы бұл жобаны жүзеге асыруға 6,5 млн. теңгеге жуық қаржы бөлді.