Жарияланды: 140

Ғалымдар селфиқұмарлықтың қашан дертке айналатынын айтты

Ғалымдар селфиқұмарлықтың қашан дертке айналатынын айтты

"Селфитис" ауруына шалдыққандар күніне желіге кемінде алты селфи салады

Селфиқұмарлық және интернетте селфи суреттерін жиі жариялау психикалық аурудың белгілері болып табылады, деп есептейді дәрігерлер. Осындай зерттеу International Journal of Mental Health and Addiction журналында жарияланды,деп хабарлайды Sputnik РИА Новости-ға сілтеме жасап.

Мамандар селфиді жақсы көретіндерге қатысты 20 пайым дайындап, экспериментке қатысушыларды олардың нақтылығын 1-ден 5-ке дейінгі көрсеткіш бойынша бағалауды ұсынады. Барлығы зерттеуге 27 жасқа дейінгі 400 адам қатысқан. 

Зерттеу нәтижесінде психологтар мынадай шешімге келді: күніне үш рет суретке түсетін, бірақ оларды интернетте жарияламайтын адамға мамандар "селфитис" деп атаған психикалық ауруға шалдықты деген диагноз қоюға болады. 

Дерт асқынған кезде адам суреттерін желіге салғысы келіп тұрады. Ауру келесі созылмалы кезеңге өткенде адам күніне кемінде алты селфи жариялайды. 

Психологтардың пікірінше, "селфитиспен" ауыратындар әдетте өзіне сенімсіз адамдар, олар осылайша өзіне назар аудатқысы келеді. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін