Ғалымдар: Шылым шегу адамның ми қыртысын жұқартады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар: Шылым шегу адамның ми қыртысын жұқартады

Ғалымдар: Шылым шегу адамның ми қыртысын жұқартады

Шылым шегу адамның өкпесіне зиян келтіріп қана қоймай, оның ойлау қабілетіне де кері әсерін тигізеді.

  • 14 Сәуiр 2015
  • 724
Фото - Caravan.kz

Мұндай қорытындыны ұзақ уақыт бойы шылым шеккен адамдар мен оны ешқашан шекпегендердің бас миының қыртысын зерттеген ғалымдар жасады.

Зерттеуге 244 ер адам мен 260 әйел адам қатысты. Қатысушылардың орташа жасы 73 жылды құраған. Зерттеу адамдардың жасы ұлғайған сайын темекіні неғұрлым ұзақ әрі көп уақыт шексе, бас миы қыртысының қабаты соғұрлым жұқара түсетінін көрсетті.

Бұл ретте жаман әдетін қойып кете алғандарда уақыт өте келе жойылып кеткен ми ұлпасы жарым-жартылай қалпына келген. 25 жыл және одан да көп уақыт шылым шеккен адамдар үшін бұл мүмкін болмады.


Бас миы қыртысының жұқару процесі жас ұлғайған сайын әрбір адамның ағзасында орын алады. Темекі шегу бұл процесті жылдамдатады. Ал адам миының дәл осы бөлігі оның ақыл-ойы мен есте сақтау қабілетінің қызметіне жауап береді, деп хабарлайды АиФ.