Зерттеу нәтижесі Geophysical Research Letters журналында жарияланған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru-ға сілтеме жасап.
Ғалымдар климаттың өзгеруі кезінде аэрозольдардың (күкірт қышқылы мен күйенің) жоғалуын қарастыратын бірнеше үлгіні жасаған.
Нәтижесінде, атмосфераны зиянды қалдықтардан — көміртегі диоксидінен тазарту парниктік эффектіні күшейтіп, орташа температураны 0,5-1,1 градус Цельсийге жоғарылататыны белгілі болған.
Айта кетейік, аэрозольдар күн радиациясының біраз бөлігін жұтатын, қорғаныш барьерін атқарады. Сондықтан да осындай тосқауыл болатын қабатынан айырылған атмосфера тезірек жылынып, қуаңшылық пен су тасқындарына себепші болмақ.