Ғалымдар: Ұшақ шуылы жүрек дерттерін тудырады - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар: Ұшақ шуылы жүрек дерттерін тудырады

Ғалымдар: Ұшақ шуылы жүрек дерттерін тудырады

Ұшақтың шуылы қатты сезілетін аудандардың тұрғындары жүрек ауруының жоғары тәуекеліне ие.

  • 9 Қазан 2013
  • 508
Фото - Caravan.kz

Бұндай тұжырым британдық зерттеушілердің баяндамасында хабарланып отыр.

ВВС-дің жазуынша, ғалымдар Лондонның батысындағы Хитроу әуежайы маңында тұрып жатқан 3,5 миллионнан астам адамның денсаулық жағдайын зерттеп шыққан.

Белгілі болғандай, ұшақтың шуылы айрықша жоғары аумақтағы тұрғындардың жүрек-қан тамырлары дертінен ауруханаға түсуі немесе өлім-жітім деңгейі орташа көрсеткіштен 10-20 пайызға артық.

«British Medical Journal» журналында жарияланған баяндама авторларының пайымынша, қатты шуыл адамдардың артериялық қысымының көтерілуіне ықпал етеді.