Ғани Тасмағанбетов Астана қалалық кәсіпкерлер палатасын басқаратын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғани Тасмағанбетов Астана қалалық кәсіпкерлер палатасын басқаратын болды

Ғани Тасмағанбетов Астана қалалық кәсіпкерлер палатасын басқаратын болды

«Атамекен» ҰКП басқармасы мен Астана қалалық Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің шешімімен

  • 29 Шiлде 2015
  • 700
Фото - Caravan.kz

елордалық Кәсіпкерлер палатасының төрағасы болып Ғани Тасмағанбетов тағайындалды. Бұл туралы қалалық палатаның баспасөз қызметінен хабарланды.

Ғани Тасмағанбетов 1981 жылы Ақтөбе қаласында туған. 2005 жылы Жапонияның Нагано қаласындағы Шиншу университетін тәмамдады. Токиодағы Хитотсубаши университетін де бітірген. Қазақстанда қызметін 2007 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде Халықаралық қатынастар департаменті халықаралық ынтымақтастық және халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттестік басқармасының басшысы қызметінен бастаған.

2008-2009 жылдапры Парламент Мәжілісінде Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің консультанты қызметін атқарды.

2009-2012 жылдар аралығында Президент Әкімшілігінде консультант-сарапшыдан бастап Стратегиялық зерттеулер мен талдаулар орталығының сектор меңгерушісі қызметіне дейінгі лауазымдарды атқарды. 2012 жылы Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары, сосын Ақтөбе облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болды.


Ал 2013 жылдан бастап бүгінге дейін Астана қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі директор орынбасары қызметін атқарып келген болатын.

Еске сала кетсек, бұған дейін Астана қаласындағы кәсіпкерлер палатасын басқарып келген Мейірбек Мәжитов «Атамекен» ҰКП Сыртқы сауда басқармасының төрағасы қызметіне тағайындалған болаты

Соңғы жаңалықтар