Ғарыш кеңістігіне тасталған техногендік қоқыс шектен асып кетті - сарапшы - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғарыш кеңістігіне тасталған техногендік қоқыс шектен асып кетті - сарапшы

Ғарыш кеңістігіне тасталған техногендік қоқыс шектен асып кетті - сарапшы

АҚШ пен Ресей жақын келешекте ғарыш «қоқысына» қарсы күресте ынтымақтастықтық орнату туралы келісімге келуі мүмкін. Өйткені, екі мемлекет те осы күрделі мәселені шешуге мүдделі, деп РФ Инженерлік ғылымдар академиясының кеңесшісі Юрий Зайцев мәлім етті.

  • 5 Қаңтар 2013
  • 1364
Фото - Caravan.kz

«Ғарыш кеңістігіндегі техногендік қоқыс көлемі апатты деңгейге жақындап қалды. Ғарыш аппараттарының қоқысқа соғылып, бүліну немесе қирау қаупі жыл сайын артып барады», — дейді сарапшы.

Ол 2006 жылы «Экспресс-АМ11» байланыс жер серігінің аяқ-астынан жұмысын тоқтатқанын және оған сыртқы күштердің әсер еткенін атап өтті.
Ю.Зайцевтің айтуынша, қазіргі сәтте орбитадағы нысандар саны 16 мың 530 данаға жеткен. Сөйтіп, соңғы үш айда олардың саны 131 фрагментпен толыққан. Олардың қатарында жұмыс істейтін және істен шыққан 3537 ғарыш аппараты, 12 мың 993 зымыран тасығыштар мен блоктардың сатылары, түрлі сынықтары бар.
Ғарыш кеңістігін ластау жағынан Ресей бірінші орында.
Екінші орында АҚШ, үшінші орын қытайдың еншісінде.