Ғарыш қызметін дамытуға бағытталған заң жобасы бірінші оқылымда депутаттар талқысына шығарылады - kaz.caravan.kz
  • $ 519.26
  • 602.13
+29 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғарыш қызметін дамытуға бағытталған заң жобасы бірінші оқылымда депутаттар талқысына шығарылады

Ғарыш қызметін дамытуға бағытталған заң жобасы бірінші оқылымда депутаттар талқысына шығарылады

«Ғарыш қызметі туралы» заң жобасы бірінші оқылымда талқыға шығарылады.

  • 14 Маусым 2011
  • 332
Фото - Caravan.kz

Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті аталған заң жобасын ертең өтетін Палатаның жалпы отырысының күн тәртібіне ұсынып отыр.

Заң жобасы жөнінде ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков баяндама жасайтыны көзделген.

Заң жобасында ғарыш қызметі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аталған сала қызметін жүзеге асыру кезіндегі оқиғаларды тексеру мен оның салдарларын жою, ғарыш қызметінің әсеріне ұшырауы ықтимал өңірлердегі елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі құқықтық нормаларды бір жүйеге келтіру көзделген.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасы еліміздің бірқатар заңнамалық актілеріне, атап айтқанда, Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Жер және Салық кодекстеріне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, «Жер қатынастары туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы» және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Осы екі заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының жетекшісі Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Мұрат Әбенов қосымша баяндама жасайды.