Ғарыш саласындағы көпжақты ынтымақтастық туралы ТМД Конвенциясын әзірлеу 2014 жылдың тоқсанында басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғарыш саласындағы көпжақты ынтымақтастық туралы ТМД Конвенциясын әзірлеу 2014 жылдың тоқсанында басталады

Ғарыш саласындағы көпжақты ынтымақтастық туралы ТМД Конвенциясын әзірлеу 2014 жылдың тоқсанында басталады

ТМД елдерінің Парламентаралық ассамблея жанындағы жұмыс тобы 2014 жылдың басында бейбіт мақсатта ғарыш кеңістігін пайдалану және зерттеу саласындағы ынтымақтастықта ТМД Конвенциясын жасақтауға кіріседі.

  • 4 Қазан 2013
  • 740
Фото - Caravan.kz

Осындай жоспар туралы Санкт-Петербордағы Таврия сарайында конвенцияға дайындық сұрақтары бойынша кеңес жиынына қатысушылар мәлім етті.

 Аталмыш кеңеске Белоруссия, Қазақстан, Тәжікстан, Украина, Ресей Федерациясынан ұлттық парламенттер, аэроғарыш агенттігі, жетекші ғылыми-зерттеу институттары мен ғарыш өнеркәсібі конструкторлық бюро өкілдері қатысты.

 Жиын барысында қолда бар келісім базасын талдап, ғарыш саласындағы ынтымақтастық туралы көпжақты Конвенция мен тұжырымдама даярлау жөніндегі жұмыс тобын құруға шешім қабылданды. Жыл соңына дейін топ құрылып, 2014 жылдың бірінші тоқсанында жұмысын бастайды.