Ғарышкерлер орбитадан Тимур Бекмамбетовтың жаңа фильмін тамашалады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғарышкерлер   орбитадан  Тимур Бекмамбетовтың  жаңа фильмін  тамашалады

Ғарышкерлер орбитадан Тимур Бекмамбетовтың жаңа фильмін тамашалады

Мәскеу түбіндегі Ұшу сапарларын басқару орталығында режиссер Тимур Бекмамбетовтың «Елки» көркем фильмінің ғарыштық премьерасы өтті, деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметінен.

  • 24 Желтоқсан 2010
  • 517
Фото - Caravan.kz

Ұшу сапарларын басқару орталығы мен Халықаралық ғарыш стансасының арасында болған телекөпір барысында экипаждың ресейлік мүшелері — Александр Калери, Олег Скрипочка және Дмитрий Кондратьев фильмді, Орталыққа экскурсияға келген калугалық оқушылармен, киноны түсіру тобының өкілдерімен және журналистермен бірге тамашалады.

Кино көрсетілімнен кейін ғарышкерлер сауалдарға жауап берді және өз ойларымен бөлісті. Олар, биылғы Жаңа жылды үш рет — Мәскеу мен Хьюстондағы ұшу сапарларын басқару орталықтарының уақыты бойынша және Халықаралық ғарыш стансасы жұмыс істейтін Гринвич уақыты бойынша қарсы алатындарын айтты. Сөз соңында ғарышкерлер жиналған қауымды келе жатқан Жаңа жылдарымен құттықтады.

Стансамен телесеанс аяқталғаннан кейін орталықта баспасөз мәслихаты өтті. «Елки» фильмінің режиссері Тимур Бекмамбетов журналистердің сауалдарына жауап берді, келесі жылғы шығармашылық жоспарларымен, ғарыш тақырыбына арналған жаңа фильм түсіру туралы ойларымен бөлісті.


Перейти к новостям спорта