Жарияланды: 260

Ғарышқа тағы бір қазақстандық ұшады деген сөз жалған ба?

Ғарышқа тағы бір қазақстандық ұшады деген сөз жалған ба?   Сурет - sib.fm

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш министрлігі тағы бір қазақстандықтың ғарышқа ұшуы мүмкін деген сөзді жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш министрлігінің Аэроғарыш комитеті бірқатар БАҚ-та жарияланған қазақстандық ғарышкердің ресейлік ғарыш кемесінің экипажы құрамында ұшады деген ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын хабарлады. «Ақтөбелік планетарийдің 50 жылдығын мерекелеу барысында сұхбат берген Қазақстан Респубилкасының Халық қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Айдын Айымбетовтің аталған мәселеге қатысты сөзі ағат түсіндірілген. Қазіргі уақытта А.Айымбетов Қазақстанның Жерді қашықтан зондтау және жоғары дәлдікті спутник навигация ғарыштық жүйесінің ұлттық операторы саналатын «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясы» АҚ-ның вице-президенті лауазымын атқарады. Бүгінде Қазақстан Үкіметі қазақстандық ғарышкерді ғарышқа ұшыру мәселесін қарастырып отырған жоқ», - делінген аталған комитет таратқан ақпаратта. Айта кетейік, кеше бірқатар жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдары Айдын Айымбетовтің ғарышқа тағы бір қазақстандықтың ұшатындығығы туралы айтқанын жазған болатын.


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін