«Бүгінде Байқоңырдағы ұшырылымдардың басым бөлігін Ресей іске асыруда»,- деді С.Тұржанов. «Алдағы уақытта бұл біздің ұшырылымдарды қазақстандық «Бәйтерек» ғарыштық-зымыран кешенінен жүзеге асыруға клиенттерді көндіріп шыдау қабілетімізге байланысты болмақ»,- деді ол.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Бәйтерек» ғарыштық-зымыран кешені ғарыштық аппараттарды ұшыруға арналған. Онда ғарыштық жанар-жағармайдың оттегі және керосин сынды экологиялық таза компоненттерімен ұшатын зымыран тасығыштар пайдаланылады. Жобаға сәйкес, «Бәйтеректің» құрамында ғарыштық аппараттарды ұшуға әзірлеуге және сынақтан өткізуге арналған жұмыс орындары бар ұшыру кешені мен техникалық кешен болмақ. Сонымен бірге оның құрамына кешенді су, жылу және жарықпен қамтамасыз ететін коммуналдық шаруашылық және өлшем кешенінің нысандары енеді.
Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасы болып табылатын «Бәйтерек» ғарыштық-зымыран кешенінің жоспар-жобасы Ресейдің «Ангара» зымыран-ғарышық кешенінің негізінде жасалуда. «Бәйтеректі» Қазақстан мен Ресей тең үлеспен бөліп пайдаланады деп күтілуде.