Жарияланды: 940

Ғарыштық KazSat-1 жер серігі өзінің жұмыс қабілетінен толық айрылды - Мұсабаев

Ғарыштық KazSat-1 жер серігі өзінің жұмыс қабілетінен толық айрылды - Мұсабаев

Астана. 2 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Ғарыштық KazSat-1 жер серігі өзінің жұмыс қабілетінен толық айрылды. Бұл туралы бүгін мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенін тиімді пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты дамыту туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын қарау барысында Қазақстанның Ұлттық

ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. "26 қарашаға қараған түні KazSat-1 жер серігі жұмыс қабілетінен толық айрылып, қандай бұйрыққа да жауап бермей қалды. Ол мүлдем жұмыс істемейді", -деді Т. Мұсабаев. Оның айтуынша, "KazSat-1 жер серігін сатып алу мәселесі тіпті Қазақстан заңдарының аясында да шешілмеген. Ең сенімді, жақсы ғарыштық техниканы жасайтын танымал фирмалардан сатып алуға тендер жүргізу қажет еді, ал біздің KazSat-1 жер серігін сенімді деп айта алмайсың". Сонымен бірге, Т. Мұсабаевтың айтуынша, "KazSat-1 туралы келісім-шартқа бұл салада шамалы болса да түсінігі бар адамдар, тіпті аэроғарыш комитетін басқаратын адамдар да қол қоймаған. KazSat-1 ғарыштық жүйесін құру туралы келісімге Ұлттық инновациялық қордың басшысы қол қойған. Күрделі ғарыштық жүйелерге Ұлттық инновациялық қордың қандай қатысы бар екендігін мен әлі күнге дейін түсіне алмай отырмын",- деді агенттік төрағасы. "Роскосмостың жетекшісі мемлекет басшысына жер серігі "керемет жұмыс істеп тұр" деп жеткізіп үлгерген. Ал біздің мамандар болса KazSat-1 жұмыс істеу қабілетінін айрылған жер серігі деген тұжырымға келіп отыр. Ал олар бізге 10 қарашада оны басқаруға беруге талпынды",- деді Т.Мұсабаев. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін