Ғарыштық қызметті дамытуға 2009 жылғы бюджетте 11 млрд теңге қарастырылған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғарыштық қызметті дамытуға 2009 жылғы бюджетте 11 млрд теңге қарастырылған

Ғарыштық қызметті дамытуға 2009 жылғы бюджетте 11 млрд теңге қарастырылған

Астана. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Ғарыштық қызметті дамытуға 2009 жылғы республикалық бюджетте 11 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы бүгін "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасының Қазақстан парламентінің мәжілісіндегі тұсаукесері барысында еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 11 Қыркүйек 2008
  • 380
Фото - Caravan.kz

«Ғарыштық қызметті дамытуға — мақсатты ғарыштық жүйелерді құруға, ең озық технологияларды жасап пайдалануға 2009 жылы жұмсалатын қаражат 11 млрд теңге көлемінде жоспарланды, ол 2008 жылғы жоспардан 3,4 млрд теңгеге артық», — деді Б. Сұлтанов.

2010 жылы бұл салаға 26 млрд теңге, 2011 жылы — 25,3 млрд теңге қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар