Ғашығын қызғанып, көпқабатты үйді жарып жібермек болған павлодарлық сотта жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғашығын қызғанып, көпқабатты үйді жарып жібермек болған павлодарлық сотта жауап берді

Ғашығын қызғанып, көпқабатты үйді жарып жібермек болған павлодарлық сотта жауап берді

Сүйген қызын қызғанып, бір подьезді жарып жібермек болған павлодарлық жігіт сот алдында жауап беріп жатыр. Үш ай бұрын 30 жастағы азамат ғаламторда танысқан ғашығының басқа жігітпен кеткенін көтере алмай, қолдан жасаған жарылғыш затты бақталасының есігінің алдына қойып кеткен болатын. Құдай сақтап, үй алдында адам болмай, ешкім зардап шекпеген-ді.  

  • 26 Шiлде 2011
  • 509
Фото - Caravan.kz

Қылмыстық кодекстің үш бірдей бабы бойынша айыпталып отырған Алексей Родионов та, жәбірленуші Владимир Башкиров та бір қызға ғашық. Күдікті осыдан үш жыл бұрын Алена есімді бикешпен ғаламторда танысып, виртуалды махаббатары шынайы сезімге ұласқан. Алайда ұзаққа созылмай, қыз басқа жігітпен араласа бастаған. Қызғаныштан өзегі өртенген Алексей Родионов бақталасынан өшін алмақ болып, қолдан бомба құрастырған. 

Алексей Родионов, айыпталушы:

-Бұдан бұрын сатып алған реактивтер мен қосымша бөлшектерден қуаты шамалы жарылғыш зат құрастырдым. Мақсатым – Аленаның «жаңа» жігітін қорқыту еді.

Күдікті тек бақталасын емес, тұтас бір көпқабатты үй тұрғындарының зәресін алды. Жарылыстан подъездегі терезелері сынып, пәтер есігі қираған. Құдай сақтап, үй алдында адам болмай, ешкім зардап шекпеді. Әйтпегенде, жарылыс күші адамды жазым етуге жетер еді дейді мамандар. Енді 30 жастағы жігіт “қоқан-лоқы көрсету”, “жарылғыш затты қолдан жасау” және “кісі өлтіру мақсатымен қастандық жасау” баптары бойынша жауапқа тартылмақ. 


Мәди Аушахметов, Павлодар облыстық прокуратурасы басқармасының прокуроры:

–Қандай қылмысты жасағалы жатқанын білді және бастан аяқ дайындалған. Үйін тінту барысында Қылмыстық Кодекс пен жарылғыш затты дайындау әдістемелігі табылды.

Бір айта кетерлегі, күдікті бұрын жүйке аурулары диспансерінде есепте болған екен. Бірақ ендігі денсаулық жағдайын сараптама тағы анықтайды. Ал жігіттің өзі кінәсін толық мойындап отыр. Енді ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар