«Алматыда фольклорлық этнографиялық ансамбльдердің арасындағы «Ғасырлар сазы» дәстүрлі музыка фестивалі алғаш рет өткізіліп отыр. Ол қала күнін мерекелеуге орайластырылды. Фестивальға Қазақстанның барлық аймақтарынан 30-дан аса фольклорлық-этнографиялық ансамбльдер қатысты», — деп мәлім етті «Алматы әуендері» концерттік бірлестігінің директоры Бағдат Тілегенов.
Оның айтуынша, фестивальдің басты міндеттерінің бірі алдағы уақытта Қазақстанның барлық оркестрлері мен фольклорлық ансамбльдерінде кеңінен пайдалану үшін мен қазақ халқының сирек ұлттық аспаптарын насихаттау болып табылады.
«Қазіргі уақытта танымал аспаптарға қобыз бен домбыра жатады. Ал көп адамдар адырна, жетіген, шаң-қобыз, саз-сырнай және т.б. сияқты сирек, ежелгі аспаптардың бар екенінен бейхабар», — деді Б.Тілегенов.
«Алматы әуендері» концерттік бірлестігінің директоры фестиваль екі турдан тұратынын хабарлады.
«Әр турда төрт бап бойынша тыңдаулар өтті: дәстүрлі аспаптық шығармалар, әнге сүйемелдеу, кез-келген ұлттық аспаппен жеке ойнау, қазіргі заман ырғақтары», — деді ол.
Қатысушылардың өнерін Қазақстанның 7 көрнекті қайраткерінен жасақталған қазылар алқасы бағалады, оның 4-еуі Алматыдан, қалғандары Маңғыстау облысынан, Астана мен Талдықорғаннан.
Фестивальдің гран-приі Сазген Сазы ансамбліне табыс етілді, 1-ші орынды «Сары-Арқа» ансамблі, 2-ші орынды «Дидар» ансамблі және президенттің мәдениет орталығының ансамблі бөлісті, ал 3-ші орын «Бабалар сөзі» ансамбліне бұйырды.