ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметіне қарағанда, осыған орай Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Қазақстанның Қырғызстандағы мәдениет айлығы аясында 2012 жылдың 10-13 қыркүйегі аралығында Бішкек қаласында өтетін Т. Әбдімомынов атындағы Қырғыз Ұлттық академиялық театрында гастрольдік қойылымдарын ұсынады. Мәдениет айлығын екі елдің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 20 жыл толуына орай үстіміздегі жылдың тамыз бен қыркүйек аралығында өткізіліп отыр.