"Ғылым қоры" Ұлттық инновациялық қормен және ҚазАгроИнновациямен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

"Ғылым қоры" жалпы сомасы 70 миллион теңге болатын 4 жобаны қаржыландырмақшы. Бұл туралы ғылым саласындағы инновация мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде қордың басшысы Саят Нүсіпов мәлім етті. Жобаның үшеуі тау-кен металлургия өндірісінде жаңа технологияларды қолдануды көздейді, төртінші жоба қазақ тіліндегі сөзді танудың автоматтандырылған жүйесін жасақтауға арналған. Ғылым қоры 2006 жылы мемлекеттің бастамасымен құрылды, оның мақсаты - маңызды жобаларды қолдау. Бүгіннің өзінде ғылым қорына 183 тапсырыс түскен.