Ғ.Жақиянов Павлодар облысындағы қоныс-түрмеге жіберілді - Қылмыстық атқару жүйесі комитеті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғ.Жақиянов Павлодар облысындағы қоныс-түрмеге жіберілді - Қылмыстық атқару жүйесі комитеті

Ғ.Жақиянов Павлодар облысындағы қоныс-түрмеге жіберілді - Қылмыстық атқару жүйесі комитеті

Ғалымжан Жақиянов Павлодар облысындағы Шідерті ауылында орналасқан қоныс-түрмеге жіберілді. Бұл туралы ҚР әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитетінен бүгін, 19-тамызда таратылған хабарламада айтылған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Тамыз 2004
  • 457
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жүктелген жазаның үштен бір бөлігін өтеген бұрынғы Павлодар облысының әкімі Қазақстан заңнамасына сәйкес жазаны жеңілдетуге құқық алды. Қостанай облысы Әулиекөл аудандық сотының 10-тамыздағы шешімімен ол жаза мерзімінің қалған бөлігін қоныс-түрмеде өтеуге жіберілді. «Бұл шешім Жақиянов қамауда отырған УК-161/4 түзету мекемесі әкімшілігінің таныстыруы негізінде оның жаза мерзімінде тәртіп сақтауы мен еңбекке деген ықыласына сәйкес қабылданды» ,- делінген хабарламада.

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мәліметі бойынша, Ғалымжан Жақиянов «сотталғанға дейін тұрған мекен-жайына қарай» Павлодар облысындағы Шідерті ауылында орналасқан қоныс-түрмеге жіберілді. Ол бұл жерге 15-тамызда жеткізілді.

Перейти к новостям спорта