Жарияланды: 470

гипет Қазақстаннан импортталатын астықтың мөлшерін арттыруға мүдделі

Египет Қазақстаннан әкелінетін астықтың көлемін арттыруға мүдделі, деп мәлімдеді Египеттің әлеуметтік қайта құрулар министрі Гауда Абдель-Халек.

"Біз екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқыладық, оның ішінде Египет қазақстандық астықты көбірек тасымалдауға мүдделі екендігін білдірді", деді ол журналистерге сәрсенбіде Астанада Қазақстан сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен болған келіссөздердің нәтижелері бойынша. Оның айтуынша кездесуде сондай-ақ мәдениет және дін мәселелерінде ынтымақтасу мүмкіндіктері талқыланған. Қазақстанда 2010 жылы жиналған астықтың таза салмағы 12,2 млн тоннаны құрады. Алдында елдің ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбековтың хабарлауынша, республика ағымдағы маркетингтік жылы шамамен 6 млн тонна астық экспорттайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін