Кәсіби әнші болмаса да, Нұртас Айдарбековтің бір басына жетерлік тыңдарманы, іздеушісі бар. Оның әндерін сүйіп тыңдайтындар аз емес.
Оның қоржынында бір әнтабақты толтырар әндер бар. Енді олардың қатарына әйел-аналарға арналған жаңа туынды қосылмақ. Бұл туралы Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова айтып берді.
“Нұрекең бүгін шабыты келіп,әйел-аналарға арнап мына әнге дайындалу үстінде. Түн жарымда үйді басына көтеріп бітті. Сіздерге ұнап жатса жаздырып қалар”, – дейді Гүлзира Айдарбекова.